Саламатсыз ба, құрметті оқырман?

Сайттың ашылу мақсаты — өзімді толғандырған кейбір мәселелер жөнінде сіздермен бөлісу және шығармаларыммен таныстыру. Назарларыңызға өмірбаяндық негізде жазылған бірнеше прозалық туындылар ұсынылып отыр. Сайттағы «Қызылдың қия құмында», «Біздің шаңырақ» және «Өмірдің кейбір кездері» атты туындылар 2014 жылы «Өткен күннен белгі бар» деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Бұдан басқа орыс жазушыларының үздік шығармалары мен таңдамалы публицистикалық мақалалардың аудармалары берілді. Сонымен қатар бұрын жарияланған және әлі жарияланбаған ғылыми еңбектеріммен танысасыздар. Басқа да бөлімдер бар.
Сайтқа хош келдіңіз!