Галерея

7 771 просмотров

Comments Box SVG iconsUsed for the like, share, comment, and reaction icons

4 апта артқа

Mynbirsoz.kz

Кеңес үкіметі және Алаш қозғалысы

Алаш қозғалысы жайлы сөз болса: «олар тәуелсіздікті аңсады, егеменді ел болу үшін күресті және сол мақсаттары үшін Кеңес үкіметінен зәбір көрді» деп айтылып жатады. Жақында ғаламтордан «Алаш» партиясының бағдарламасымен таныстым. Бір таң қаларлығы – 10 тараудан тұратын осы бағдарламадан (тоғыз бет) егеменді ел болу жайлы бір ауыз сөз таба алмадым (іздесеңіздер ғаламтордан табуға болады). «Мемлекет қалпы» аталатын бірінші тарауда былай деп жазылған: «Россия құрамында демократиялық федеративтік республика болу». Екінші тарауда: «қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу» деп көрсетілген. Егер партияның негізгі құжатында егеменді ел болу қарастырылмаса ол қалайша тәуелсіз ел болмақ?
«Ғылым-білім үйрету» аталатын тарауындағы «бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту керек...» деген сөзі де түсініксіз. Сонда орта мектептерде қай тілде оқытылмақ? Орыс тілінде ме?
Ал «Дін ісі» тарауындағы шарттар біздің қазіргі Конституциямызға сәйкес келеді екен. Онда былай делінген: «...Дін біткенге тең құқық беріледі. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық».
Дегенмен, бағдарламаның жақсы жақтары да бар екендігі байқалады. Мысалы «үкімет қызметшілері үй иесінің рұқсатынсыз ешкімнің табалдырығын аттамау...», «зор жазалы қылмыскер присяжный сотпен қаралу...», «салық әл-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу...», «жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу...» деген жолдар ақылға қонымды.
Салықтың «байға-байша, кедейге-кедейше салынады» дегеніне қарағанда алашордашылардың ойы халықтың әлеуметтік жағдайын теңестіру емес, байды бай, кедейді кедей күйінде қалдырып, феодалдық-капиталистік қоғам құру болғаны анық байқалады.
«Алаш» партиясы 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық бірінші съездің шешіміне байланысты құрылған. Оның бағдарламасы екінші сьезде бекітілуі тиіс еді, сол кездегі саяси жағдайларға байланысты бұл сьезд шақырылмай қалған. Осы себептен бағдарлама жоба күйінде ғана қалыпты.
Қазіргі баспасөз бен түрлі басылымдарда Алашорда қозғалысының күйреуін Кеңес үкіметінен көріп жатады. Шынымен солай ма екен?
1918 жылдың 22 қазанында Бүкілресейлік уақытша үкімет (Колчактың «Сібір үкіметі») Алашорда жөнінде төмендегідей жарлық қабылдапты: «Грамотою от 22 октября (4 ноября) 1918 г. Временное всероссийское правительство признало необходимым на ближайщий период времени подчинить все государственное управление единому Совету министров. Упраздняя на сем основании алашское правительство – Алаш-Орду - Временное всероссийское правительство вместе с тем считает нужным ввести в организацию управления казах-киргизских народностей начала, соответствующие их бытовым и хозяйственным особенностям и создать в будущем соответствующий сей цели представительный орган, ведающий культурно-бытовыми и хозяйственно-экономическими делами означенных народностей.
Временное всероссийское правительство постановляет: Правительство Алаша – Алаш-Орду - считать прекратившим свое сушествование ».
Алашорданы мақсаттары бір «Сібір үкіметі» мойындамаған екен, оны мақсаты бөлек Кеңес үкіметі қалай мойындамақ?
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі басталған азамат соғысы тек Ресейді ғана емес, патшалы Ресейге қараған барлық аймақты түгел қамтыды. Осы аймақтағы халықтың кейбірі қызылдар жағында, қайсыбірі ақтар жағында болып ел екі жікке бөлінді.
Алашордашылардың айтуынша қазақ халқында тап болмаған, «оны ойлап тауып қазаққа әкеліп теліп жүрген большевиктер» дейді. Олардың тұжырымдамасы бойынша байлар кедейлерді қанамаған, «қайта оларды асырап-баққан» болып шығады. Алашорда қозғалысы мүшелерінің басым көпшілігі байлардың балалары екенін еске алсақ, олардың бұл ұстанымын түсінуге болады. Бірақ мәселені (егер ол ұлттың тағдырына байланысты болса) тек бір ғана жағынан қарап баға беруге болмайды. Мың адамның біреуі ғана бай екені белгілі, қалған тоғыз жүз тоқсан тоғыз адамның пікірін кім тыңдайды және жоғын кім жоқтайды? Міне осы кезеңде болшевиктер «біз тапсыз қоғам құрамыз, барлық адам тең болады» деген идеяны аренаға шығарды. Осы идея қарапайым халық арасынан қолдау тауып, олар қызыл армия қатарында күресті. Халықтың көпшілігінің қызылдар жағына шығуы осы себептен. Әрине, бұған келіспегендері ақгвардияшылар мен алаш әскері (немесе баспашылар) жағында болғанын білеміз.
Баррикаданың екі жағындағылар арасында (ақтар мен қызылдар) бітіспес және ымырасыз соғыс жүріп жатты. Бұл соғыста келісімге келуге болмайтын еді, ұрандары: «не жеңіс, не өлім!» болды. Басқадай жолы жоқ болатын. Бұл кезеңде майдан даласындағы ашық ұрыстармен қатар жасырын террористік қимылдар да толастаған жоқ. 1918 жылы Москвада Ленинге оқ атылды, кейінірек белгілі большевиктер Урицкий мен Володарский атып өлтірілді, Ленинградта Кировты атып кетті, Сібірде Колчактың қолына түскен Сергей Лазоны паравоздың оттығына салып жағып жіберді.
Осы кезеңде ақтар жағында болған алашордашылар да аянып қалған жоқ еді. Бұлар да большевиктерге қарсы арнайы отряд шығарды. Алашорданың төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 жылдың 29 шілдесіндегі берген нұсқауында Семей, Ақмола, Торғай облыстарында осы мақсатта ұйымдастырылған отрядтарға «қызылдар жағында болған адамдарды (әсіресе большевиктер мен комиссарларды) және Кеңес депутаттарын жазаға тарту» жайлы тапсырма берілген. Осы нұсқауды басшылыққа алған алашордашылар Әліби Жангельдин, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ғани Мұратбаев, Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, т.б. белгілі большевиктердің соңына түсті. Амангелдіні келіссөз жүргіземіз деген желеумен қолға түсіріп, аттың құйрығына байлап өлтірді. Тоқаш Бокинді арбаға таңып койып, отқа жағып жіберді. Бүл жазадан Әліби, Тұрар және Ғани аман қалған еді (үшеуі де Мәскеуде болатын). Алашордашылардың осы «жорығында» большевиктер жағынан қаншама қазақтың қаны төгілгені бізге әлі беймәлім.
Қызылорда облысы Қазалы уезінің тумасы, жасынан батрақ болып байға жалданып күн көрген, Қазалыдағы алғашқы большевиктердің бірі, кейін Республика көлемінде түрлі лауазымды орындарда жұмыс істеген Ертас Бөлекбаев ағамыз былай деп жазады: «Үстем тап еш уақытта еңбекші халыққа билікті өз еркімен берген емес. Осы жағдай Қазалы уезінде де болмай қалған жоқ. Қазалының чиновниктері, болыс-билері мен байлары қашан колхоз құрылысы жеңіп шыққанша Совет өкіметіне, оның басшылары мен коммунистерге қарсы қастандық әрекеттерін тоқтатпады. Олар ашық күреске ғана шығып қойған жоқ, күрестің жасырын әдісін де жүргізіп отырды. Оларға (коммунистерге- И.А.) қастандық жасалды, жала жабылды, сыртынан өсек-өтіріктер таратты. Кейбір адал коммунистердің жаладан абақтыға отырып шыққандары да болды ».
Алашордашылардың осы әрекетін қазіргі биліктің саясаткерлері былай деп түсіндіргілері келеді: «Қазақ қоғамындағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс. Ұлт өкілдерінің бұл әрекетін қазақ автономиясына жету жолындағы таңдауынан деп түсініп, объективті бағалауымыз керек ». Егер объективті баға беру керек болса, белгілі большевиктерді азаптап өлтірген алашордашыларды жазаға тартқан Кеңес үкіметінің әрекеті неге «репрессия» деп айыпталады және алашордашылар «саяси сүргін құрбандары» болып есептелінеді? Екіншіден, алашордашылардың көксеген автономиясы Кеңес үкіметі кезінде орнады ғой, тіпті Қазақстан 1922 жылы КСРО құрамындағы 15 одақтас республиканың бірі болды.
Халық Алашорданы неге қолдамады? Алашорданың белсенді мүшесі М.Дулатов мұны былай деп мойындайды: «...бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шыққан большевиктердің кесірі; 2) елдің салақтығы ». Міржақыптың бірінші дәлелімен келісуге болар, ал екіншісін қалай түсінуге болады?
Патшалы Ресейдің аймағын түгел қамтыған азамат соғысы Кеңес үкіметінің жеңісімен аяқталды. 1920 жылдан бастан бұл Үкіметті бүкіл әлем мойындай бастады, барлық елдер онымен дипломатиялық қатынастар жасауға кірісті. Кеңес үкіметін мейлі мақтаңыз, мейлі жамандаңыз, бірақ екі нәрсенің басы ашық: біріншісі, большевиктер идеясының қарапайым халық арасынан кең қолдау табуы; екіншісі, осы идея үшін көпшіліктің күресуі. Бәрі бірдей саналы түрде большевик болды деп айту артық болар, бірақ «бұрынғы өмірді өзгертеміз, енді жаңа тапсыз қоғам құрамыз» деген ұранның елді еліктіргені анық.
Осындай қоғамның құрылып, оның 73 жыл өмір сүргенін білеміз. Егер сол қоғамның қателіктері болып жатса оны идеяның қателігі деп түсінбеуіміз керек. Бұл жекелеген мемлекет басшыларының жіберген қателіктері екенін білгеніміз жөн.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

1 ай артқа

Mynbirsoz.kz

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҰЛЫҚТАУ

Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл толды

Үстіміздегі жылдың 20 наурызы күні Ақмола облысы Аршалы ауданының орталығы Аршалы кентінде қазақ халқының батыр ұлы, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығы аталып өтті. Осы іс-шараға аудан әкімдігі мен аудандық билер алқасының аға биі Балтабай-Пазыл Исмаиловтың шақыруымен Шымкент және Астана қалаларынан бір топ адам бардық. «Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан - мен, Мүслимов Сейітқасым және Әділханұлы Қуаныш қатысты.
Тәшеневтің туған жері Қойгелді ауылында (бұрынғы Танакөл) болып, жерлестерімен өткен кездесуге қатыстық. Бұл іс-шараға Аршалы ауданының мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары қатысты. Кездесуде жасы 86-ға келген Әлкеев Сайлау ақсақалға сөз берілді. Ақсақал тың игеру басталған кезде 16-17 жастағы жасөспірім болғанын, Тәшеневті 2-3 рет көргенін айта келіп, оның істеген еңбектеріне айрықша тоқталды. Ең соңғы рет 1977 жылы көріпті.
Бұдан кейін ауыл маңындағы биік төбедегі Ж.Тәшеневке арнап орнатылған ескерткіш-белгіге бардық. Митингіні Аршалы ауданының биі Балтабай-Пазыл Исмаилов сөз сөйлеп ашты. «Аталар мұрасы» бірлестігі атынан біздер де ой-пікірлерімізді ортаға салдық. Биіктігі үш метрден асатын ескерткіш-белгі салтанатты түрде ашылды.
Ж.Тәшеневтің оқыған мектебіндегі наурыз мейрамына арналып ұйымдастырылған концертке қатыстық. Бұдан кейін Аршалы ауданының әкімдігінде болдық. Аудан әкімі Есжанов Дастанбекке «Аталар мұрасы» бірлестігі атынан Қазақстан Презиентіне жазылған, Ж.Тәшеневке «Халық Батыры» атағын беруді сұраған хаттың көшірмесін тапсырдық.
Бұндай іс-шаралар 20 және 21 наурыз күндері Астана мен Шымкент қалаларында да болып өтті.

«Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ислам Ахметұлы.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҰЛЫҚТАУ

   Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл толды

   Үстіміздегі жылдың 20 наурызы күні Ақмола облысы Аршалы ауданының орталығы Аршалы кентінде қазақ халқының батыр ұлы, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығы аталып өтті. Осы іс-шараға аудан әкімдігі мен аудандық билер алқасының аға биі Балтабай-Пазыл Исмаиловтың шақыруымен Шымкент және Астана қалаларынан бір топ адам бардық. «Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан - мен, Мүслимов Сейітқасым және Әділханұлы Қуаныш қатысты. 
   Тәшеневтің туған жері Қойгелді ауылында (бұрынғы Танакөл) болып, жерлестерімен өткен кездесуге қатыстық. Бұл іс-шараға Аршалы ауданының  мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары қатысты. Кездесуде жасы 86-ға келген Әлкеев Сайлау ақсақалға  сөз берілді. Ақсақал тың игеру басталған кезде 16-17 жастағы жасөспірім болғанын, Тәшеневті 2-3 рет көргенін айта келіп, оның істеген еңбектеріне айрықша тоқталды. Ең соңғы рет 1977 жылы көріпті. 
   Бұдан кейін ауыл маңындағы биік төбедегі Ж.Тәшеневке арнап орнатылған ескерткіш-белгіге бардық. Митингіні Аршалы ауданының биі Балтабай-Пазыл Исмаилов сөз сөйлеп ашты. «Аталар мұрасы» бірлестігі атынан біздер де ой-пікірлерімізді ортаға салдық. Биіктігі үш метрден асатын ескерткіш-белгі салтанатты түрде ашылды.
   Ж.Тәшеневтің оқыған мектебіндегі наурыз мейрамына арналып ұйымдастырылған концертке қатыстық. Бұдан кейін Аршалы ауданының әкімдігінде болдық. Аудан әкімі Есжанов Дастанбекке «Аталар мұрасы» бірлестігі атынан  Қазақстан Презиентіне жазылған, Ж.Тәшеневке «Халық Батыры» атағын беруді сұраған хаттың көшірмесін тапсырдық.  
   Бұндай іс-шаралар 20 және 21 наурыз күндері Астана мен Шымкент қалаларында да болып өтті.  

«Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ислам Ахметұлы.

6 ай артқа

Mynbirsoz.kz

Ислам Ахметұлы

Шындық пен шырғалаң

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кейбір құндылықтарға деген көзқарас өзгерді. Бұрынғы жақсы деген ұғымдар жаманға айналып, керісінше, жаман ұғымдар дәріптеле басталды. Мысал келтіріп бас ауыртпай-ақ қоялық - күнделікті өмірден бәрін көріп отырмыз. Бұған негіз болып отырған қазіргі жүргізіліп отырған саясаттың әсері екенінде дау жоқ. Әрине, қоғам өзгергеннен кейін сол қоғамның өз саясаты болатыны заңды құбылыс. Дегенмен, өмірде өзгермейтін категориялардың да болуы тиісті. Олардың қатарына мен шындық пен әділдікті жатқызар едім. Қандай қиямет-қайым болса да жоғарыдағы аталған екі қасиет адамзаттың темірқазығы болуы керек деп есептеймін. Егер біз осы темірқазықтан ауытқып кететін болсақ, онда адаса бастар едік. Шындық түбінде жеңеді, бұл рас, бірақ ол қашан жеңіп шығамын дегенше өтіріктің сөзі үстем жүрері анық.
Осындай саясаттың құрбаны болып жалған жала жабылғандардың бірі халық батыры Амангелді Иманов. Мен соңғы жылдары Амангелді батыр жөнінде көп ізденіп, көп оқып, өз ойымды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіп келемін. Оқырмандардың басым көпшілігі оң пікірлерін айтып жатыр, бұл қуантарлық жағдай. Солай болса да, ішінара Амангелдіні «большевик», «бұзық», «барымташы болды» деген пікірлер кездесіп қалады. Бұны айтатын, негізінен, жастарымыз. Себебі, оларды қазір осылай оқытып жатыр. Менің қорқатыным да осы.
Сондықтан оқырманға Қорған Әмірхамзиннің «Тарихқа қиянат жасауға болмайды» атты мақаласын ұсынып отырмын. Мақала ғаламтордан алынды. Оқып көріңіздер.

Қорған Әмірхамзин

Тарихқа қиянат жасауға болмайды

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі аз уақытта орасан игілікті істер атқарылды. Тіліміз, дініміз, мәдени салт дәстүріміз өзімізге қайтарылды. 1937-38 жылдардағы сталиндік зұлматтың кезінде атылып-асылған жазықсыз арыстарымыз ақталды. Олардың еңбектері жарық көрді. Бұл қуанарлық жағдай. Бұл Кеңес үкіметі тек Алаш қайраткерлерін атумен шектелген жоқ. Сол үкіметті орнатуға бар күш жігерін, білімін, ақыл-ойын аямаған қызылдарды да құртты. Сол жолда қызмет істеген аяулыларымыз Сәкен, Ілияс, Бейімбетттер соның құрбаны болды. Бір айта кететін шындық, алаштықтар да, қызылдарда өз халқына ешқандай опасыздық жасаған жоқ.
Алаштың Әлиханы мен Ахметі де, қызылдардың Әліби мен Амангелдісі де тек өз елінің халқының бостандығын жеке ел болуын армандады. Бәрі де өздері мақсат еткен жолда мерт болды. Қазір Кеңес үкіметі құлап еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алаш қайраткерлерін жаппай ақтап, енді ауызды бірыңғай қызылдарға сала бастадық. Алаштардың да қызылдардың да тарих алдындағы кінәсі мен жақсылығын байыппен бағаламадық. Бар күш жігерімізді, қарым-қабілетімен білімімізді Кеңес үкіметін құруға атсалысқан қызыл комунистерді бірыңғай қаралауға бағыштадық. Мен бұл жерде келмеске кеткен Кеңес үкіметін аңсап, емешегім езіліп отырған жоқпын.
Сол үкіметтің қолдан жасаған зобалаңы – 1931-32 жылдардың аштығынан тек қана біздің бір әулеттің 35-40 шақты адамынан еркек кіндікті үш жан ғана тірі қалды. Бұл қасірет пе? Әрине, қасірет… Енді осыған бола 70 жыл өмір сүрген Кеңес үкіметін саясатын түгелдей жамандап, сол үкіметті орнатуға аянбай еңбек еткен, халықының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сол жолда опат болған Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің батыры Амангелді Имановты, сол күреске саяси бағыт-бағдар берген Әліби Жангелдинді тарих сахнасынан шығарып тастап жатырмыз.
Ендігі әңгіме халық батыры, халықтың жүрегінде мәңгілік орын алған ақын-жазушылардың өлеңдерімен шығармаларына арқау болған Амангелді Иманов жайлы болмақ. Біздің жаңа тарихшыларымыз мәңгілік тыныштықта жатқан Амангелдінің аруағына дамыл бермей оны ұры, қарақшы, баукеспе, қандыбалақ, надан деп, тіпті айтуға ұят әдепсіз сөздермен балағаттап, Амангелді туралы кезінде жазылған тарихи романдар мен дастандарды Амангелді туралы фильмді құртуға бар күштерін салып жатыр. Енді мен Амангелдіге орынсыз тағылған осындай әділетсіздіктерге жеке-жеке тоқталып өтпекпін. Менің жасым қазір 84-те. Мен жазушы да, ақын да, тарихшы да емеспін. Бірақ осы ұзақ өмірімде Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан сол оқиғаны көзімен көрген кісілердің әңгімесін көп естідім. Кейбірін өз ауыздарынан жазып та алдым. Мақтанғаным емес, Амангелді Иманов, Әліби Жанкелдин туралы шығармалар мен әдебиеттерді көп оқыдым. Сөйтіп, өмірімнің отыз-қырық жылын осы жолға арнадым. Біріншіден, Амангелдінің өскен ортасына білім дәрежесіне тоқталайық. Амангелді 1873 жылы сәуір айында Торғай уезінің Қайдауыл болысында туды. Сегіз жасынан он екіге келгенше ауыл молдасынан арабша оқыды. Он екі жасынан он алты жасқа дейін Дулыға өзенінің бойындағы Әбдірахман Ишанның медресесінде оқиды. Он алты жастан кейін байларға жалданып жұмыс істейді. Амангелдінің немере ағасы Көшімбек орысша-қазақша екі жылдық мектеп ашып, сол мектепте Амангелді екі жыл оқып орысша сауатын ашады. Шынын айтқанда Амангелдінің нан сұрап жейтіндей орысшасы болған. Оның сыртында байлардың барымташы деп көрсетуімен бірнеше рет түрмеге де түскен, әділдік жеңіп бәрінен де құтылып отырған. Амангелдінің сауаты жөнінде кезінде заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов те растаған. Оның «Батырдың биік тұлғасы» деген кітабында 1914 жылы Торғайда патша шенеуніктеріне қарсы шығып, түрмеге қамалған шаруалардың ісімен Амангелді Санкт-Петербургке барып, қазақтың жиені атақты адвокат Плевакомен танысады. Ол Санкт-Петербург сапарында күнделік жазып отырады. Егер Амангелді сауатсыз болса, күнделікті қайдан жазады.
Енді Амангелдінің сол күнделігінен бір үзінді келтірейік. «Патшаның жалақысы бір айға 20 мың сом екен. 12 айға 240 мын сом екен. Патшаның өз үйінен басқа әкесінен қалған 100 шақты үйі бар екен». Әрине, Амангелдіге бұл мәліметтерді тиісті орындар бермеген шығар, ол орысша газет-журналдарды оқып, халықтан естігендерін қағазға түсірген тәрізді. Енді Амангелдінің орысша сауаты бар, қол қоя білетініне бір дәлел. 1918 жылы Амангелдіге қазақ өлкесінің төтенше комисары Ә.Жанкелдин Орынбор қаласында Қызыл армия құруға және оған ат сатып алуға, 10 мың сом ақша береді. Қол хатқа А.Иманов деп қол қойған, қолдың Амангелдінікі екенін кезінде тарихшылар растаған. Екінші, Амангелдінің ата-бабалары және тектілігі туралы. Қазақта текті және тексіз деген екі ұғым бар. Қазақ біреуді мақтағанда «ой, шіркін, тектінің тұқымы екен ғой» деп отырады. Ал тексізді көргенсізді «сол тексіз немені қойшы» — деп жатады. Мұның сыртында «жақсы-жаман болса да тартпай қоймас негізге» деген бір қасиетті сөз бар. Амангелді қара сирақ көн шалбары көтіне қатқан кедей емес. Ол текті тұқымның ұрпағы, атасы Иман Дулатұлы 1780 жылы Батпаққара өңіріндегі Дулаттың Қызыл жары деген жерде туған. Шамамен 1848 жылы қайтыс болған. Иман батыр Кенесары қозғалысына бастан аяқ қатысқан. Отаршылдармен соғыста асқан ерлік көрсетіп, жауға білдірместен қамалдың ішкі жағынан өтіп, Кенесары әскерлерінің Қараөткелге кіруіне жол ашады. Иманның ерлігіне батырлығына риза болған Кенесары хан: «Менің қасымда жолбарыстай жүректі, түлкідей айлалы, Айекеңнің болғанына өте ризамын» — депті. Хан Кене Иман батырды «Айеке» деп атап, хан кеңесінің мүшелігіне сайлап, әр уақыт ақыл кеңесін тыңдаған екен. Міне Амангелдінің туған атасы Иман осындай адам болған. Қазақта тектілік тұқым қуалайды деген бар, ендеше осындай текті атадан туған Амангелдіні кім осал деп айтар?! 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Амангелдінің бітім-бейнесін, батырлығын, тектілігін ақындар былай деп өлеңге қосыпты:
Патшаға қарсы тұрды Амангелді,
Таршылық бозбалаға заман келді.
Ту ұстап тұлпар мінген атаң Иман,
Қалыбы бұлжымастай саған келді.
Үшінші, Амангелді ұры ма? Жоқ, ұры емес. Амангелдінің түрін көріп, есінде қалған жақын туыстарының бірі, 1990 жылдардың басында қайтыс болған, руы Бегімбет Ғазиз Әмірхамзин деген қарт қаламгер Амангелдінің кескін-келбетін:
Атамыз Амангелді жеке басы,
Жадында сақталыпты өр тұлғасы
Кеуделі орта бойлы төртпақ дене,
Батырдың болса керек түр нұсқасы… – деп еске алады, яғни, Амангелді өлгенінде Ғазиз қарт 16-18 жастағы балаң жігіт болыпты.
Амангелді қазіргінің ұрыларындай біреудің қорасындағы қойын, өрістегі жылқысын, сүтін сауып күнін көріп отырған жалғыз сиырын ұрламаған. Амангелді кезінде әділетсіздікке қарсы күресіп, кедей кепшіктердің намысын қорғаған. Атақты бай шонжар, алпауыт, Шашанбайдың Рахметінің ағайындарына жасаған озбырлығына әділетсіздігіне шыдамай бірнеше рет Рахметтің жылқыларын қудырып алады. Міне, осыдан кейін Амангелдінің жаулары би-болыстар, байлар Амангелдіні ұры-барымташы атандырады. Осы оқиғадан кейін Амангелді жалған көрсетумен бірнеше рет түрмеге қамалады. Көкшетау уезінің Саумалкөл сотына тартылып, одан өзін-өзі ақтап шығады. Төртінші, Амангелді сіңірі шыққан кедей емес, орташа байлығы болған адам. Енді бұған дәлелді тағы Ғабит Мүсіреповтің «Батырдың биік тұлғасы» кітабынан іздейік. Ғабит ағамыз Амангелді туралы сол кітабында былай дейді: «Тап сол 1914-15 жылдары тұсында Амангелді кедей емес, Торғай елінің тұрмысында орта шаруалы адам болды», – деп жазады. Енді батырдың өз қолжазбасына зер салып қарайық. «1915 жылы 13 мартта 80 ірі қой, 39 бойдақ, жамғысы төлден басқа 140-тай болды, оның 89 саулық, 1 қошқар, 7 еркек бойдақ, 32 ұрғашы қозы бастап сойылды 11 майда». Амангелді Имановтың күнделігінен. Енді Амангелдінің тақыр кедей болмағанына тағы бір мысал келтірейін. Батырдың бірінші әйелі қайтыс болып, Рамазан, Шәріп деген екі баласымен қалады. Батырдың бұл бойдақ кезі. Ел аралап жүрген бір жолы Найман елінде сол кезде он бес жастан он алты жасқа қараған Балым деген қызға көзі түседі.
Енді Амангелдінің Балымға қалай үйленгені туралы тарихи шындықты, Балымның немере-шөбере інілерінің бірі, белгілі қаржыгер Сәндібек Қорғанбеков деген кісі 2007 жылы шыққан «Уәйіс би, Уәйіс болыс, Уәйіс батыр» деген кітабында былай деп суреттейді. Балымды батырға қосуға Әбдіхалық Есіргепов деген жездеміз себепші болған. 1917 жылдың күзінде Амангелді Әбдіхалыққа жолығып Балымға деген өзінің сезімін жеткізген. Ал Әбдіхалық өз атасы Бірімжанға қолқа салған. Бірімжан елге сыйлы, әрі Сәдуақаспен немере туыс болып келетін. Сонымен Бірекең Сәдуақасты көндіруге Амангелдінің атасы Иманмен өз аталары Уәйістің достығын алға тартады. Бір соғыста (Кенесары көтерілісі кезінде) Уәйіс пен Иман батырлар жаудың қоршауында қалып, бірін-бірі қорғап екеуі де аман шығады. Сонда Иман батыр: «Әй, Уәйіс, екеумізде өліп қала жаздадық қой, енді өмірлік дос болайық депті», екеуі де қылыштарын ауыстырып, жалаңаш денелеріне қылыштың жүзін қаратып, құшақтасып, өмірлік дос болған екен. Осы оқиғаны білетін, бұрын естіген сұңғыла Бірімжан атам Садуақас әкемізге атаң Уәйістің жан досы Иман келіп немересі Амангелдіге Балымды сұраса бермеспе едің» — депті. Аталы сөзден аса алмаған Садуақас жылап отыра қалыпты. «Батыр бір оқтық деген, қызым жесір қалама деп қорқамын» деген екен. Орынды сөзге тоқтаған Сәдуақас ағасы Бірімжанға келісімін береді. Сол 1917 жылдың желтоқсан айында батыр жалғыз өзі Бірімжан ақсақалдың үйіне түседі. Бірекең өз туыстары Байқожаны, Садуақасты және Баржақсыны шақырып алады. Сонда Амангелді сөзді бастап: «Ата, қыздың қалыңмалы өздеріңізге белгілі ғой. Қашаннан қырық қара малы сексен қара болсын, осыған баталарыңызды сұраймын»— десе керек. Сонда Бірекең өз туыстарының атынан былай депті: «Амангелді, сен бердің, біз алдық, осылай деп есепте, қырық қараңның да бізге қажеті жоқ. Сол қырық қараға татыйтын жиырма қара берсең болады» — деп осыған бәтуаласады. 15-16 жасқа қараған Балымды 1918 жылы жаздың бас кезінде «Жоса» деген жерде Амангелдіге ұзатады. Батыр төрт шұбар ат жеккен күймемен келеді. Күйеу жолдастарының қатарында Тілепберген Ержанов, Әлмағамбет, Смайыл Көпжасаров есімді жігіттер болады. Батыр қару-жарақсыз қазақи тәртіппен келіп түседі. Балымды ұзату тойы үш күнге созылып палуандар күш сынасып, ат бәйгесі өтеді. «Ұзатқан қызды шығарып салуға ергендердің ішінде менің шешем Айгүл де болған. Шешем Балыммен жасты екен. Айшагүл есімді немере сіңлісімен Балымның туған сіңлісі Зүбайра да барған. Құдалар жағы бұл үш қыздың үшеуіне де жорға мінгізіп қайтарған». («Батырдың зайыбы Балым туралы шындық» деген Нұрым Сейітұлының естелігінен, «Уәйіс би, Уәйіс болыс, Уәйіс батыр» кітабы, Алматы, 2007 жыл. 87-94 беттер, авторы Сәттібек Қорғанбеков).
Ал Балым сұлу Амангелдіге тұрмысқа шыққаннан соң аз ғана ғұмырында Амангелді мен Балымның арасында біршама жас алшақтығы бола тұра, текті жердің атақты найман Уәйіс бидің ұрпағы Балымның Амангелдіге деген махаббаты берік болды. Сүйкімді жар бола білді. Әттең, тағдырға не шара? Әкесі Садуақастың қауіпі расқа айналды. Балым тұрмысқа шыққаннан кейін бір жылға толар толмаста Амангелді қапыда қаза тапты. Батырдың жары Балым 18-ге толмай аңырап жесір қалды. Балымның бұл аянышты қалін «Торғайдың топжарғаны», суырып салма, дүлдүл ақын Нұрхан Ахметбеков өзінің «Амангелді» поэмасында Балымның жоқтауын былай деп суреттейді.
«Адасқан қаздай аңырап,
Артыңда қалдау Балымың.
Ашылмаған тояты,
Жетілмеген қанаты,
Ұяда қалды-ау жаутаңдап,
Рамазан мен Шәрібің».
Не деген құдіретті жан сезімін тербететін сөз. Міне, осындай Торғайдың «Жауыр торысы» атанған төкпе ақын, бір кездері «Амангелді» поэмасы үшін Қазақ ССР-нің Мемлекеттік сыйлығын алған ақын Нұрхан Ахметбековтың осы поэмасын да Амангелдімен бірге тарихтан өшіріп, «жаназасын» қайта шығарып жатырмыз. Тіпті Кеңес үкіметнің кезінде Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин туралы жазылған тарихи шығармалармен өлеңдер кітапханалар қорынан алынып, не жойылып қалғанын, келешекте шықпастай етіп мықтап құлыптап әйгілі Лефортова түрмесінің жер төлесіне тығып жатқандай көрінеді маған. Амангелдінің атасы Иманнан атадан балаға оның үрім-бұтағына жалғасқан тектілік, батырлық Амангелдінің балаларына да дарыған. Амангелдінің Балымнан бұрынғы бірінші әйелінен Рамазан, Шәріп деген екі ұлы болғанын бұрын айтып кеттік. 1941-45 жылғы соғыс кезінде Амангелдінің үлкен ұлы Рамазан өзі сұранып, соғысқа барып ерлікпен қаза табады. Кезінде соғысқа қатысқан әскери журналист Жекен Жұмаханов деген кісі «Қаһарлы жылдардағы қазақ офицерлері» деген мақаласында Рамазан туралы былай дейді. «Қазақ халқының батыры Амангелді Имановтың баласы Рамазан Амангелдин Псков облысы, Воронина деревнясының түбіндегі шайқаста бетпе-бет ұрыста 13 фашисті өлтіріп, ерлік өлімімен опат болды». («Түркістан» газеті, 23 мамыр, 2010 жыл).
Ойды ой қозғайды, осындайда ертеде дүниеден өткен, еліне сыйлы, халқына қадірлі, әділетті би, 1917 жылы Торғай уезінен Алаш съезіне делегат болып қатысқан, 1926 жылы 46 жасында бүкіл «Торы қыпшақты» күңірентіп, елі аза тұтқан Көтібардың Тоймағанбеті деген кісіге бір ақынның жоқтауынан бір шумақ өлеңін келтіре кетейін:
Тұлпарсың тулап туған құлыныңнан,
Сілкінсең от шығатын жұлыныңнан.
Жеңісі дос-дұшпанның басылған жоқ,
46 жасқа келген ғұмырыңнан.
Сол сияқты атақты Иманның немересі Амангелдінің бел баласы Рамазанның осы ерлігінің өзі келешек ұрпаққа тағылым емес пе?! Ал оның әкесі Амангелдіге тиісіп, «ұры-қары, баукеспе, барымташы» деп мәңгілік тыныштықта жатқан батырдың аруағына тиісуіміздің жөні қалай болар екен, ағайын! «Құдай атқан оңалар, аруақ атқан оңалмас» деген екен бұрынғылар. Сондай-ақ, ана дүниедегі аруақтар ғайбат сөзге назаланады, оны кешіре де алмайды. Ал Алланың пендесіне кешірімі мол. Сол себепті аруақты ренжітпегеніміз дұрыс шығар. Аян Нұрхановтың «Халық батыры» 1962 жылы шыққан. Тимофеев, Брайниннің «А.Иманов – вождь восстания» 1939 жылы шыққан. З.Мұхамеджанов «Торғай комисарлары», Ғабит Мүсірепов «Батырдың биік тұлғасы» 1973 жылы шыққан. Жұмағұлов «Орлы гибнут в вышине» Әліби Жангелдин «Дос туралы (Амангелді)». А.Елагин «Торғай қыраны». Шәріп Иманов «Атаның асыл мұрасы», А.Нұрқасымов «Амангелді Имановтың көтерілісшілер тобындағы әкімшілік және әскери басқару істері». Нұрхан Ахметбеков «Амангелді» поэмасы. К.Харламович «Восстания Тургайских казах-киргиз. 1916-1917 гг», Қызылорда, 1926 жылы шыққан. Байқадам Қаралдин «Торғай қазақтарының көтерілісіне 10 жыл». Міне, бұлар өзім кезінде оқыған Амангелді жайлы жазылған кітаптардың жүзден бірі болатын. Осы кітаптарды іздеп орталық кітапханаларға екі-үш рет бардым. Амал не, ол кітаптарды ешкімде білмейді, атын да естімепті. Біздің өткен тарихқа деген көзқарасымыздың сиқы осындай. Неге біз өткен тарихымыз туралы жазылған шығармаларды түб-түқиянына дейін құртуға тиіспіз? Бұл мақаламда Амангелдінің Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі асқан ерлігін, батырлығын, қолбасшылығын, Торғай қаласына шабуыл жасаған кезде 50 мың сарбазды басқарғанын, одан кейін Татыр, Үрпек, Құмкөшу соғыстарына басшылық еткенін жазбадым. Амангелдінің ол ерліктерін халық кезінде бағалаған. Бұл жолғы айтарым – құр ауыз өзімдікі, демократияның түрі осындай деп ойымызға келгеннен тыйылайық деген пікір. Қанша жамандаса да Амангелді Иманов, Әліби Жангелдиндер-қазақ халықының тарихында өшпес орын алған ұлы тұлғалар. Олар халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Оларды тарихтан өшіріп тастау ақымақтың ісі. Осыны бір ойлап қойғанымыз дұрыс шығар. Амангелді ұры-қары, барымташы емес, ол өз халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шейіт болған айбынды ұлдарының бірі.
(«Тарих.Тағдыр.Тағылым» кітабынан үзінді. Астана- 2013 жыл, 87-95 беттер)
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

7 ай артқа

Mynbirsoz.kz

ЖОЛСАПАР – 2024

Бабалар жүрген ізбенен...

Шектілер XVII-XIX ғасырларда Сырдарияның төменгі құйылысындағы қызылқұм мен қарақұмнан Мұғалжар тауы мен Борсық құмдарына дейінгі аралықты мекендеген екен. Арал теңізінен Борсықтың құмына дейінгілері қыр шектісі, Арал маңы қарақұмы мен қызылқұм аралығын жайлағандары сыр шектісі деп аталыпты. Бұл кезең шекті руының батырлары Тілеу Айтұлы, Көтібар Бесендеұлы, Арыстан Тінәліұлы, Есет Көтібарұлы, Жанқожа Нұрмұхамметұлы, Бекежан Айбекұлы, Тайлақ Бекежанұлы, Ақтан батыр, Ерназар Кенжәліұлы, Бекет Серкебайұлы және билері Мөңке, Нияз, Жетес, Нұрыбай өмір сүрген уақытпен тұспа-тұс келеді.
Әбдісаттар Оспанов өзінің «Жанқожа батыр» атты кітабында былай деп жазыпты: «...XIX ғасырдың қырқыншы жылдары шапқыншылық пен қанау күшейе түсті (автор Хиуа хандығының шапқыншылығы жайлы айтып отыр – А.И.). Бұл кезде Жанқожа батыр жазда Қарақұмды жайлап, қыста Ырғызды қыстап жүретін». Сол сияқты біздің аталарымыз Кішкенеұлы Асанның, Асанұлы Сырлыбайдың, Сырлыбай балалары Дәулетияр мен Матығұлдың, Матығұл балалары Өмірқұл, Көбек және Құрымбайдың Шалқар мен Ырғыз маңында, Елек пен Ырғыз өзендерінің бойында жерленгендері жайлы деректер бар. Бұл маңда зерттелмеген ескі қорымдар көп. Қуаныш Әділханұлы фейсбукте былай деп жазыпты: «Асан бабамыздың бейіті Шалқардың маңында дейтін еді. Бірде мұғалжарлық кісімен поезде сапарлас болдым. Біздің жақта Асан бейіті, ауылымызда асан руының адамдары да бар деді».
2023 жылы құрылған «Аталар мұрасы» қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаты - аймақтағы тарихи және рухани ескерткіштердің (мазар, кесене, зираттар) зерттелуіне, сақталуына және қалпына келтірілуіне қоғамдық бақылау жасау болып табылады. Сондықтан Бірлестіктің алдында XVII-XIX ғасырларда Шалқар мен Ырғыз жақта өмір сүрген ата-бабаларымыздың, бейіттерін іздеу жұмыстары да тұрды.
Экспедицияны биылғы жылдың көктеміне жоспарлаған болатынбыз, бірақ көктем кезіндегі су тасқынына байланысты кейінге қалдыруымызға тура келді. Сапардың сәті үстіміздегі жылдың 8-ші қыркүйегі күні түсті.
Жолсапарға үш адам болып аттандық: Әділханұлы Қуаныш (Астанадан); Әділбекұлы Асланбек (Байқоңырдан) және мен - Ахметұлы Ислам (Шымкенттен).
Астымызда Ниязов Марат ініміздің Джип машинасы болды. Рульде Асланбек ініміз, 8-ші қыркүйек күні «биссимілламызды» айтып азанғы сағат 10-нан өте Әйтеке би кентінен аттанып кеттік. Бағытымыз Ақтөбе облысының Ырғыз бен Шалқар аудандары. Құлпытастағы ескі жазуларды оқи алатын шалқарлық өлкетанушы Әлжанов Самат деген азаматпен хабарласқан едім, Шалқарға келіңіз деді. Батыс Қытай – Батыс Европа автожолымын жүріп отырып кешкі сағат 7-ге таман Шалқардағы Саматтың үйіне жеттік.
Ертеңіне, 9-шы құркүйекте, Саматты алып Шалқар ауданындағы «Тоғыз» деген разьезге бардық. Осы маңда Дәулетияр атамыз жерленген деген дерек бар еді. Дәулетияр атамыздың ұрпағы, Қызылордада тұратын Дүйсенов Мәлкайдармен алдын-ала хабарласып, "Тоғызда" тұратын Арман деген ініміздің телефонын алдым. Арман бізді жол бойынан күтіп алды. Үйінде болдық. Ініміз Дәулетияр атамыздың басына алып барды. Атамызға құран бағыштап, бейітін суретке және видеоға түсірдік. Координаттарын белгілеп, GPS-ке салдық.
Ендігі мақсат картада «Асан бейіті» деп белгіленген (жергілікті халық Асан төбе деп атайды екен) жерге бару болды. Бұл төбе теміржолдың арғы бетінде, Дәулетиярдың бейітінен 40 шақырымдай жерде екен. Төбенің басында бірнеше ескі бейіт бар. Бір құлпытаста жақайым руының адамы жерленген деп жазылған. Тастан қаланған ең үлкен бейіттің құлпытасы жоқ (немесе көміліп қалған). Осыған жапсарлас бейітте тасқа қашалып салынған таңба байқалды. Бұл шекті руының таңбасы деді Самат. Осындай таңба тағы бір бейіттен табылды. Бұл орынды да белгілеп, кеш түсе Шалқарға қайттық.
Ертеңіне, яғни 10-шы қыркүйекте, Саматпен бірге Балғасынға беттедік. Бұл жерде Өмірқұл атамыз жерленген деген дерек бар еді. Балғасын Шалқардан 60 шақырым екен. Саматтың айтуы бойынша Бал Қасым деген ноғайдың ханы осы жерде өмір сүрген. Кейін жер атауы Балғасын атанған. Өте үлкен қорымның орыны жатыр. Аралап көрдік. Ескі құлпытастар көп. Бірақ олардың арасынан іздеген құлпытасты (Матығұлұлы Өмірқұл) таба алмадық. Көміліп қалуы да мүмкін. Бірнеше жерден «осы қорымда атамыз жерленген...» деп аты-жөнін жазып қойған заманауи мрамор құлпытастарды кездестірдік. Бұл қорымға да құран оқып, видеоға түсірдік. GPS -ке салдық.
Ендігі бағытымыз Жаныс би ауылы болды. Қолымыздағы дерек бойынша осы ауылдың маңында Қарағұлұлы Тілеуберген атамыздың бейіті бар. Бекарыстан би ауылында «Бақыштың Төлегені» атанған ағамыз болған еді. Тілеуберген - Бақыштың әкесі, яғни Төлеген ағамыздың атасы. Осы ауылда жиеннен туған жиеншар Нұрлыбек деген азамат бар екен, соның үйіне ат басын тіредік. Жиеншарымыз малын сойып, құрметтеп күтіп алды. Бейіттің басына барып құран оқыдық, видеоға түсірдік, GPS -ке салдық.
11-ші қыркүйек күні ертемен тұрып Ырғызға бет алдық. Сағат 9-дың шамасында Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз кентіне келіп жеттік. Біздің Бірлестіктің белсенді мүшесі, Ырғыз аудандық кәсіподақтар комитетінің төрағасы Қасымхан Әбенов ініміздің отбасында болдық. Кезінде Ырғыздағы «Матығұл мазары» жөніндегі ізденісімізге көп көмегін тигізген еді. Биыл жазда Ақтөбеде оқып жүрген баласы кенеттен қазаға ұшырады деп естігенбіз, отбасына көңіл айтып шықтық. Осыдан кейін Қазалыға қарай бет түзедік.
Жолда «Матығұл мазарына» соқтық. Өздеріңізге белгілі, бұл мазардың кімдікі екені әлі толық анықталған жоқ. Солай да болса төртқара ағайындар мазардың алдына «Аймақ Орманұлы, руы ақкиіз төртқара» деп жазылған мрамор тақтайша орнатып қойыпты. Бұның қаншалықты заңды екенін құзырлы мекемелер анықтай жатар. Басына құран бағыштадық.
Осыдан кейін Сексеуіл стансасына барып, бізге үш күн бойы қызмет көрсеткен Самат бауырымызды Шалқарға қарай поезға отырғызып жібердік. Рахметімізді айттық. Өзіміз Қазалыға бет алдық.
Қорыта айтқанда төрт күнде бес нысанның басында болдық. Осының екеуі (Сырлыбайұлы Дәулетияр мен Қарағұлұлы Тілеубергеннің бейіттері) біздің аталарымыздікі екендігінде ешқандай күмән жоқ. Ал құлпытасы табылмаса да Өмірқұл атаның Балғасында жерленгені Қайназаров Көптілеу ағамыздың жазып қалдырған дерегінен белгілі.
«Тоғыз» разьезінің қасындағы «Асан бейітін» құлпытасы болмағасын біздікі деп нақты айта алмай отырмыз. Бірақ жақын жерде оның немересі Дәулетиярдың жерленуі және сол маңайда Асанның ұрпақтарының өмір сүріп жатқандығы атамыздың бейіті болуы мүмкін деген үміт ұялатады.
«Матығұл мазары» жөнінде анық мәлімет жоқ. Орынбор мемлекеттік архивіне Бірлестік атынан сұраныс жолдағанбыз, әлі жауап келген жоқ.
Осы сапарға шығар алдында «Шалқар ауданының Шет ырғыз деген жерінде Нұрбай аталатын бейіт бар, бұл біздің атамыз емес пе екен» деген дерек келіп түсті. Құлпытасының суретін де жіберген екен. Осы құлпытасты Самат мырзаға оқыттық – бұның Нұрбай атамыға еш қатысы жоқ болып шықты. Бүған қосымша сол маңайда Қалыбай ауылы бар екені айтылып, біздің атамыз емес пе екен деген пікір болған еді. Оны да анықтадық. Қалыбай аталатын ауыл болғанмен, «Қалыбай бейіті» бар деп ешкім айта алмады.
Төрт күнде 1410 шақырым жол жүрдік. Осының 950 шақырымын асфальтпен, қалған 460 шақырымын қара жолмен жүріп өттік. Сапарға машинасын берген Ниязов Марат інімізге айтар алғысымыз шексіз. Төрт күн бойы біздерді алып жүрген Асыланбекке, карта бойынша бағыт-бағдар анықтап және GPS–пен жұмыс жасаған Қуанышқа рахметімді айтамын. Сонымен қатар осы сапарға қаржылай көмек көрсеткен азаматтарға және Сәкен Үмбетов інімізге айтар алғысымыз шексіз. Бабалар аруағы сіздерді әрқашан желеп-жебей бергей!
Алдымызда істейтін жұмыс көп. Шалқарда «Сырлыбай тамы» деген бар. Ырғыз өзенінің бойына Матығұлұлы Көбек, Елек өзенінің бойына Матығұлұлы Құрымбай жерленді деген ауызша жеткен деректер бар. Бұл сөздер негізсіз емес, кезінде бабаларымыздың сол маңда өмір сүргендері анық. Проблема тудыратын жағдай - басында құлпытасының болмауы. Бірақ, соған қарамастан, біздің міндетіміз іздене беру.

«Аталар мұрасы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің төрағасы: АХМЕТ Ислам

Әйтеке би кенті - Шалқар - Ырғыз - Әйтеке би кенті.
8-9 қыркүйек, 2024 жыл.

1- суретте: Ырғыз бен Шалқардың ортасында тұрмыз.
2- суретте: Дәулетияр атаның басында.
3- суретте: Шалқардағы Балғасын мазары.
4- суретте: Құрылыс аулындағы Тілеуберген атаның бейіті.
5- сурет: Шалқар ауд. Тоғыз разъезд. қасындағы Асан төбедегі "Асан бейіті"
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

8 ай артқа

Mynbirsoz.kz

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҰЛЫҚТАУ

Келесі 2025 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің туғанына 110 жыл толады.
Тәшенов Жұмабек 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында дүниеге келді. Бабаларымыз: «елге адал ұл туса, халқына жақсы күн туар» деп бекер айтпаған. Бұл нақылдың Жұмабек Тәшеновке тікелей қатысы бар.
Кеңестер Одағы деп аталған алып мемлекеттің басшысы Н.Хрущевтың «бөліп ал да билей бер» деген қисынсыз саясатынан бабаларымыздың аманат етіп қалдырған қасиетті жерін қорғап қалған Жұмабек Тәшенов екенін қазіргі ұрпақтың біле бермеуі мүмкін.
Тың өлкесінің Мәскеуден келген басшылары Қазақстанның басшы органдарына бағынғысы келмей, осы өлкеге қарайтын бес облысты (Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) РСФСР-ға беру жөнінде КОКП ОК алдына мәселе қояды. Бұл бастаманы қолдаған Н.Хрущев тың өлкесін бүтіндей РСФСР-ға бағындыру жөнінде Саяси Бюроға ұсыныс жасап, осы саясатты іске асырудың неше түрлі амалдарын іздей бастаған еді.
Сол кездері Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген Жұмабек Тәшенов ССРО басшысы Н.Хрущев пен ССРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы А.Косыгиннің алдында тың өлкесін Ресейге беру шешіміне қарсы екенін білдіреді.
Сол кезеңде Н.Хрущев Қазақстанды бөлшектеу саясатын айламен де, күшпен де жүргізуге кіріскен еді. Республиканың жер аумағының кеңдігін сылтау етіп Қазақстанды бөлшектеу саясатын осылай іске асыруға тырысты. Қазақ ССР-нің қай жерін кімге беруді тек Мәскеу шешеді деп үйренген орталық шенеуніктері республиканың тұтастығына осылай қауіп төндірді. Ж.Тәшенов Конституция бойынша Қазақстанның жері мен табиғи байлығына республика ие екендігін, егер Қазақстанның жерін бөлшектейтін болса, алдымен Конституцияны өзгерту керектігін алға тартты.
Ол өзінің білімділігі мен ұлтжандылығының, шешендігі мен батылдығының арқасында қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. Сөйтіп, көзі тірісінде ел ішінде «шынжырдағы дала жолбарысы» деген атқа ие болды.
Оның КСРО басшылығымен тайталаса жүріп қазақ жері мен халқы үшін жасаған еңбегіне қазақ халқы мәңгілік қарыздар. Егер сол кезде құрамына бес облыс кіретін тың өлкесі РСФСР-ге берілген болса, тәуелсіздігіміздің бас қаласы болған Целиноград та жат қолында қалған болар еді.
Ол жалғыз тың өлкесі емес, Қазақстанның Маңғыстау облысын Түркменстанға, Шымкент облысының бес ауданын Өзбекстанға беру жөніндегі ұсыныстарға да тойтарыс берді. Елдің бірлігі мен жердің тұтастығын қорғап, жалпыұлттық мүддені ту етіп көтере білген бірден-бір азамат. Осы себептен ол тоталитарлық жүйеден саяси құғын-сүргін көрді. Тәшенов 1986 жылы Шымкентте 71 жасында дүниеден өтті.
Ұлы тұлғалардың тарихтағы рөлі қилы өлшемдермен анықталады. Біреулері ғылым мен техника саласында жаңалық ашуменен енсе, екіншілері әдебиет пен өнердің үздік туындыларымен атын қалдырады. Ал саясаткерлер мен мемлекеттік билік саласында болған тұлғаларға ұлылар қатарына кірудің өлшем-ұстанымы мүлде бөлек. Бұлардың істері тіпті ғасырлар өткеннен кейін барып мойындалуы мүмкін. Қазақстан мен қазақ халқына сіңірген еңбегі әзірге лайықты бағаланбай келген осындай тау тұлғалардың қатарында, өкінішке орай, Жұмабек Ахметұлы Тәшенов те бар.
Қазір қоғам өзгерді, заман жаңарды. Тәуелсіз Қазақстанның Жұмабек Тәшенов сияқты ардагер ұлдарын мадақтап, бүгінгі ұрпаққа оның өнегелі істерін паш ететін уақыт келді ғой деп ойлаймыз. 2022 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданының бір топ еңбек ардагерлері мен зиялы қауымы, бизнес пен БАҚ өкілдері бас қосып, Ташеновтың туғанына 110 жыл толуын еске алу жөнінде бастама көтерді. Мақсат Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке кіндік қаны тамған Аршалы ауданы орталығында ескерткіш орнатып, марқұмның аруағына арнайы ас беріп, Республика көлемінде ғылыми конференция мен ақындар айтысын ұйымдастыру арқылы оның есімін ұрпақтар есінде мәңгіге қалдыру.
Осы ауқымды бастамаға қолдау көрсету мақсатында бүкіл республика халқын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Ж.Тәшенов атындағы қорға қаржы аударуға шақырамыз.
Қордың реквизиттері:
4400430122044776 ХАЛЫҚ БАНК
87714466707 Kaspj qold

Балтабай Исмаилов, Көкшетау облысы Аршалы кентінің алқа биі.
Ислам Ахметұлы, «Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫ ҰЛЫҚТАУ

   Келесі 2025 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің туғанына 110 жыл толады.
   Тәшенов Жұмабек 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында дүниеге келді. Бабаларымыз: «елге адал ұл туса, халқына жақсы күн туар» деп бекер айтпаған. Бұл нақылдың Жұмабек Тәшеновке тікелей қатысы бар.
   Кеңестер Одағы деп аталған алып мемлекеттің басшысы Н.Хрущевтың «бөліп ал да билей бер» деген қисынсыз саясатынан бабаларымыздың аманат етіп қалдырған қасиетті жерін қорғап қалған Жұмабек Тәшенов екенін қазіргі ұрпақтың біле бермеуі мүмкін. 
   Тың өлкесінің Мәскеуден келген басшылары Қазақстанның басшы органдарына бағынғысы келмей, осы өлкеге қарайтын бес облысты (Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай) РСФСР-ға беру жөнінде КОКП ОК алдына мәселе қояды. Бұл бастаманы қолдаған Н.Хрущев тың өлкесін бүтіндей РСФСР-ға бағындыру жөнінде Саяси Бюроға ұсыныс жасап, осы саясатты іске асырудың неше түрлі амалдарын іздей бастаған еді.
   Сол кездері Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген Жұмабек Тәшенов ССРО басшысы Н.Хрущев пен ССРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы А.Косыгиннің алдында тың өлкесін Ресейге беру шешіміне қарсы екенін білдіреді. 
   Сол кезеңде Н.Хрущев Қазақстанды бөлшектеу саясатын айламен де, күшпен де жүргізуге кіріскен еді. Республиканың жер аумағының кеңдігін сылтау етіп Қазақстанды бөлшектеу саясатын осылай іске асыруға тырысты. Қазақ ССР-нің қай жерін кімге беруді тек Мәскеу шешеді деп үйренген орталық шенеуніктері республиканың тұтастығына осылай қауіп төндірді. Ж.Тәшенов Конституция бойынша Қазақстанның жері мен табиғи байлығына республика ие екендігін, егер Қазақстанның жерін бөлшектейтін болса, алдымен Конституцияны өзгерту керектігін алға тартты.
   Ол өзінің білімділігі мен ұлтжандылығының, шешендігі мен батылдығының арқасында қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. Сөйтіп, көзі тірісінде ел ішінде «шынжырдағы дала жолбарысы» деген атқа ие болды.
   Оның КСРО басшылығымен тайталаса жүріп қазақ жері мен халқы үшін жасаған еңбегіне қазақ халқы мәңгілік қарыздар. Егер сол кезде құрамына бес облыс кіретін тың өлкесі РСФСР-ге берілген болса, тәуелсіздігіміздің бас қаласы болған Целиноград та жат қолында қалған болар еді.
     Ол жалғыз тың өлкесі емес, Қазақстанның Маңғыстау облысын Түркменстанға, Шымкент облысының бес ауданын Өзбекстанға беру жөніндегі ұсыныстарға да тойтарыс берді. Елдің бірлігі мен жердің тұтастығын қорғап, жалпыұлттық мүддені ту етіп көтере білген бірден-бір азамат. Осы себептен ол тоталитарлық жүйеден саяси құғын-сүргін көрді. Тәшенов 1986 жылы Шымкентте 71 жасында дүниеден өтті.
   Ұлы тұлғалардың тарихтағы рөлі қилы өлшемдермен анықталады. Біреулері ғылым мен техника саласында жаңалық ашуменен енсе, екіншілері әдебиет пен өнердің үздік туындыларымен атын қалдырады. Ал саясаткерлер мен мемлекеттік билік саласында болған тұлғаларға ұлылар қатарына кірудің өлшем-ұстанымы мүлде бөлек. Бұлардың істері тіпті ғасырлар өткеннен кейін барып мойындалуы мүмкін. Қазақстан мен қазақ халқына сіңірген еңбегі әзірге лайықты бағаланбай келген осындай тау тұлғалардың қатарында, өкінішке орай, Жұмабек Ахметұлы Тәшенов те бар.
   Қазір қоғам өзгерді, заман жаңарды. Тәуелсіз Қазақстанның Жұмабек Тәшенов сияқты ардагер ұлдарын мадақтап, бүгінгі ұрпаққа оның өнегелі істерін паш ететін уақыт келді ғой деп ойлаймыз. 2022 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданының бір топ еңбек ардагерлері мен зиялы қауымы, бизнес пен БАҚ өкілдері бас қосып, Ташеновтың туғанына 110 жыл толуын еске алу жөнінде бастама көтерді. Мақсат Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке кіндік қаны тамған Аршалы ауданы орталығында ескерткіш орнатып, марқұмның аруағына арнайы ас беріп, Республика көлемінде ғылыми конференция мен ақындар айтысын ұйымдастыру арқылы оның есімін ұрпақтар есінде мәңгіге қалдыру.
   Осы ауқымды бастамаға қолдау көрсету мақсатында бүкіл республика халқын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып Ж.Тәшенов атындағы қорға қаржы аударуға шақырамыз.
   Қордың реквизиттері: 
4400430122044776 ХАЛЫҚ БАНК
87714466707 Kaspj qold

   Балтабай Исмаилов, Көкшетау облысы Аршалы кентінің алқа биі. 
   Ислам Ахметұлы, «Аталар мұрасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
тағы жүктеу