Галерея

6 957 просмотров

Comments Box SVG iconsUsed for the like, share, comment, and reaction icons

5 күн артқа

Mynbirsoz.kz

Сібір сулары Аралды сақтай алады ма?

Соңғы жарты ғасырда Арал теңізі 10 еседен астам азайды. Жыл сайын теңіздің кепкен табанынан 80 млн тоннаға жуық улы заттар көтеріліп, олар Батыс Европадан Гималайға дейінгі мыңдаған километрге созылған алқапқа тарап, қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсерін тигізуде.
Біз планетамыздың температурасы жыл сайын көтеріліп келеді, сол себептен жер бетіндегі судың көлемі де азая түсуде деген үғымға мықтап бекінген сияқтымыз. Биылғы болған жағдай су мөлшерінің көбеюіне күз кезіндегі жауған жаңбыр мен қыстағы түскен қардың мөлшерінің де әсері бар екенін дәлелдеді. Еріген қар суы өзен мен көлдерді толтырып қана қойған жоқ, арнасынан асып маңайдағы тұрғын халыққа қауіп төндіретін дәрежеге жеткізді. Қазақстандағы он жеті облыстың тоғызында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Тасқынның күштілігі соншалықты, мыңдаған үйлер суға кетті, жүздеген тас жолдар мен басқа да инженерлік коммуникациялар бұзылды. Ғылым мен техниканың не қажеттің бәрімен қамтемесіз етіп отырған құрылғылары бар, алдағыны болжай алатын жасанды интеллектісі бар қазіргі заманауи әлемде бұндай жағдайдың болуы мүмкін еместей еді. Бірақ, осындай жағдай болды...
Осы тасқын суларлы су қоймаларына жинап (егер, олар болса), кейін ауылшаруашылығы саласына пайдалануға болмас па еді? Ойлап отырсақ, қолдағы бар мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану арқылы су тапшылығының түйткілдерін шешуге болатын сияқты. Тіпті, Аралдың мәселесін де! Өткен Кеңес заманы кезінде сібір суларының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұру жөнінде идея болғанын ұмытып кеттік пе? Онда, тіпті, сібір суларын Аралға дейін жеткізу қаралған еді ғой. Осы жобаны неге қайтадан жүзеге асырмасқа?
Сібір суларын Оңтүстікке бұру
Обь пен Ертістің суларының бір бөлігін Арал теңізі бассейніне қарай бұру жөнінде, кейбңр деректерге қарағанда, алғаш рет XIX ғасырдың орта тұсында сөз болғанға ұқсайды. Анығырақ айтсақ, 1871 жылы белгілі журналист және қоғам қайраткері Яков Демченко «Маңындағы елдердің климатын жақсарту мақсатында Арал-Каспий ойпатын суландыру» деген кітапшасын басып шығарды. Бірақ, бұл жоба ешкімді қызықтыра қоймады. Бұл туралы тек соғыстан кейінгі 1948 жылы ғана еске алынды. Онда да ғалымдар арасында.
Жобаға 1960-шы жылдардың соңында, сібір өзендерін Аралға қарай бұрудың қажеттілігі туғанда ғана қайта оралды. Бұл кездері Сыр мен Әмудария өзендерінің бойына мақта мен күріш егудің салдарынан су Аралға келуді тоқтатқан болатын.
Бұл жобаны құптаушылардың бірі Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі Чокин Шафик еді. Ол Арал кепкен жағдайда табанындағы сорды желдің мыңдаған шақырымға дейін апаратынын, бүл сол маңдағы өсімдік әлемін жойып жіберуі мүмкін екенін дәлелдеп бақты. Академиктің осы болжамы расқа айналды. Халықаралық Аралды құтқару Қорының мәліметі бойынша қазір теңізді қоршаған 5,4 млн гектар жер (оның 2 млн гектары Қазақстанға қарайды), айналасына тұзды аэорзоль тарататын қауіпті аймаққа айналған.
Эксперттердің айтуы бойынша Аралдың табанында егіс алқаптарынан шайылып келген миллиардтаған тонна улы қоспалар (гербицидтер, пестицидтер – И.А.) сақталуда. Бұл жағай теңізде қалған балық қорына да кері әсерін тигізуде. Кезінде 200-ге жуық балық түрі болған еді, қазір олардың саны күрт азайды.
1968 жылы ССРО Орталық Комитетінің пленумы Мемлекеттік жоспарлау комитетіне, ССРО Ғылым Академиясы мен басқа да тиісті мекемелерге Ертіс, Обь және Тобыл өзендерінің суларын қайта бөлудің жоспарын жасауды тапсырды.
Жобамен 48 жобалау және 112 ғылыми-зерттеу институттары, басқа да одақтық және республикалық дәрежедегі министрліктер мен ұйымдар айналысты. Сібір суларын бұрудың техникалық құжаттары 1976 жылы дайын болды. Сібір суларының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға бұрудың шешімі 1976 жылдың март айында Мәскеуде өткен СОКП-ның XXV съезінде қабылданды.
Жобада Ертіс, Обь, Тобыл, Есіл суларының бір бөлігін Ресейдің Қорған, Челябі және Омск облыстары, сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан және Түркменстанға бағыттау қаралды. Каналдың жалпы ұзындығы 2550 км, ені 130-300 метр, тереңдігі 15 метр, су өткізу мүмкіндігі секундына 1150 м/куб болатын. Бұл жобаның бір бөлігі ғана іске асырылды – Қазақстанда ұзындығы 458 км болатын «Ертіс-Қарағанды», ал Ресейде 182 км «Қулундинский» каналдары қазылып, іске қосылды.
Бірақ 1986 жылы (М.Горбачевтың кезінде) кейбір ғалымдар мен жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерінің қарсы пікір білдірулеріне байланысты жобаны қаржыландыру тоқтатылды.
Қазіргі кезеңде
КСРО тарағаннан кейін бұл тақырып 2000-шы жылдардың басында қайта қозғалды. Ұсыныс Мәскеудің сол кездегі мэрі Юрий Лужковтан түсті. Өзінің осы ауқымды жоспарын ол 2002 жылы Ресей Президенті В.Путинге жолдады. Путин өз кезегінде бұл жұмысты үкімет қарауына жіберді. 2008 жылы Лужков тіпті бұл жоба туралы «Су және әлем» атты кітап та жазды. Оның бұл идеясын Назарбаев та қолдады. 2010 жылы Өскемен қаласында өткен форумда Ресей Федерациясының сол кездегі президенті Д.Медведевке осы идея жөнінде есіне салған еді.
Бұл идеяның кеңес инженерлері жасаған жобадан айырмашылығы бар болатын. Енді Ханты-Мансийск маңынан су жинау станциясын салып (Обь пен Ертістің қосылған жерінен), сол арқылы оңтүстікке ұзындығы 2,5 мың км канал қазу ұсынылды. Лужковтың айтуы бойынша бұл жобаның мәні - Обь пен Ертістің суларын оңтүстікке қарай бұру емес, олардың шамамен 7% суын ғана пайдалану. Каналды Челябі, Қорған обдыстары арқылы Қазақстанға жеткізіп (Аралға), тіпті жолдағы Әмидарияның суын пайдалана отырып Ауғанстанға дейін апару. Бұл жағдайда Обь өзенінен 10% су алуға тура келеді.
Канал Ресейге орасан зор қаржы келтірер еді. Оған қосымша 4,5 млн га Ресейдің суға тапшы аймақтарын суландыратын.
Егер кеңестік жоба 32,8 млрд рубль болса (шығын жеті жылда ақталады деп есептелді), жаңа жоба кейбір эксперттердің есептеуінше 300 млрд долларға тең болды. Лужковтың пікірінше, судың кубын 0,2 доллардан сатқанла жоба өз құнын тез ақтауы тиіс (әлемдік орташа баға 2 доллар).
Суды саудаға шығару идеясын 2008 жылы Ресей Федарация Кеңесінің Төрайымы С.Орлова да құптады. Ол «су мұнай емес, таусылады деп қауіптенудің қажеті жоқ» деп атап өтті. Бұл пікірді Мәскеу МУ ректоры Виктор Садовничий де қолдады.
Мәскеу мэрінің идеясын Ресей Ғылым Академиясы түгел құптай қойған жоқ. Мысалы, РҒА корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы Алексей Яблоков бұл жоба іске асқан жағдайда канал бойындағы аймақта топырақтың батпақтану процесі басталуы мүмкін деген пікір білдірді. Профессор сонымен қатар жобаның өте қымбат екенін де еске салды.
РҒА География институты гидрология лабораториясының меңгерушісі Н.Коронкевич бұл жоба үшін канал қазудың қажеті жоқ екенін айта келіп, оның орнына құбыр пайдалануды ұсынды. 1980 жылдардағы жобаның тоқтатылуына оның қымбат екендігі де себеп болған еді. Құбыр пайдаланған жағдайда судың шығыны 10 еседей азаяды.
Маманның бұл айтуы дұрыс сияқты. Құбырмен тасымалданған жағдайда судың шығыны аз болатыны белгілі. Басын Еділдің бір саласы Қиғаш өзенінен алатын, ұзындығы 1300 шақырым «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры Атырау мен Маңғыстау өңірін 37 жыл бойы тұщы сумен үздіксіз қамтемесіз етіп келеді.
Жоғарыдағы жобаларды қайтадан қарап, оларды бірлесіп іске асыратын кезең келген жоқ па екен?

Дереккөз: NewsHub.kz
Материалды толықтай немесе бөлшектеп пайдаланған жағдайда NewsHub.kz дереккөзіне сілтеме жасау міндетті.

Орыс тілінен аударған Ислам Ахметұлы.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

Фейзбуктегі пікірлер Сібір ...

Жоқ өзенді сызып адғандарың не? Ақымақ болдыңдар ма, қацдағы Сибирь?

1 ай артқа

Mynbirsoz.kz

ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ...
Жігіттің үш жұрты болады дейді. Біріншісі өз жұрты, екіншісі нағашылары, үшіншісі қайын жұрты. Осының үшеуі де жігітке қашық емес.
Мен нағашыларыммен етене араласа алмадым. Бұған олардың шалғайда болғандығы себеп болды ғой деймін. Жақын маңда болса қатынасып тұрар едік.
Анамның «сені төркін жұртыма апарып таныстырамын» деген арманы болатын. Бұған жете алмады. 1979 жылы кенеттен қайтыс болды. Анамның осы тілегі маған тапсырған аманатындай көрінуші еді. Анда-санда есіме түскенде, айтқанын орындай алмадым-ау деп қиналатынмын.
2022 жылы Ақтөбе облысында «Матығұл мазары» аталатын кесене бар екені белгілі болды. Кесене Ырғыз ауданының территориясында екен. Біздің атамыздікі болуы мүмкін деген оймен сол жылдың июнь айында бір топ ұрпақтары басына барғанбыз. Бұл мазар жөнінде менің жазғандарым бар, сонда бәрі айтылған. Ол бөлек әңгіме. Айтайын дегенім, осы барғанымда Ырғыздағы Қасымхан деген азаматқа нағашыларымның бұрын Қарабұтақ ауданында тұрғандығын, қазір қайда екендерін білмейтінімді айтып, олардың аты-жөндерін жазып бергенмін. Ол сұрастырып көрейін деген болатын. 2023 жылдың күзінде хабарласты: «Нағашыларыңыз табылды, ұрпақтары Қарабұтақ ауданынының Бөгетсай ауылында тұрып жатыр екен» деді. Осы хабардан кейін Ақтөбе қаласынан Медет атты нағашы інім қоңырау шалды. Бұл нағашы атам Қалдыбайдың Түймебай атты інісінің немересі екен. Сырттай таныса бастадық.
2024 жылдың 15 ақпанында балам Алмасбек екеуміз Ақтөбеге бардық. Медет күтіп алды. Сол күні Ақтөбе қаласында Медеттің үйінде қонақта болдық. Ертеңіне Қарабұтақ жақтағы Бөгетсай ауылына бардық. Бөгетсай ауылы Ақтөбеден 150 шақырым жерде екен. Нағашымның көбісі, яғни Түймебайдан тараған ұрпақтар осында болып шықты. Бұнда екі күн қонақ болып, нағашыларыммен және бөлелеріммен таныстым. Үш күннің ішінде арқа-жарқа болып көптеген нағашыларыммен табыстық. Осыған қарағанда қазақтың «өз жұртың міншіл келеді, қайын жұртың сыншыл келеді, барыңды асырып жоғыңды жасыратын нағашыға не жетсін, шіркін» деген сөзі рас па деп қалдым.
Осылайша, жасым жетпіс беске келгенде нағашыларымды таптым. Анамның тілегін орындап, иығымнан ауыр жүк түскендей болды. Ол кісінің де аруағы риза болған шығар деген ойдамын. 19 ақпан күні поезға отырып, ертеңіне таң алдында Шымкентке келіп жеттік.
Сөзімнің соңында бізді жатырқамай қарсы алып қонақ қылған, аяқтарынан тік түрып қызмет көрсеткен нағашыларым мен бөлелеріме біздің шаңырақ атынан шын жүрегімізден ризашылығымызды білдіреміз.
Ахметовтер жанұясы.
15-20 ақпан, 2024 жыл. Шымкент-Ақтөбе-Шымкент.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

3 ай артқа

Mynbirsoz.kz

БІР НҰСҚАУДЫҢ ТАРИХЫ

Бұл 2010 жылы болған жағдай.
Шымкенттегі Ғылыми-зерттеу институтының түйе шаруашылығы бөлімінде жұмыс жасап жатқаныма үш жылдан асқан еді. Бөлімде бір академик, екі доктор, үш ғылым кандидаты жұмыс істейміз. Негізгі жұмысымыз түйенің тұқымын асылдандыру. Бұл жөніндегі басты құжатымыз - «Түйенің бактриан және дромедар тұқымдарын асылдандыру жөніндегі нұсқау» деп аталатын ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен, 2001 жылы Астанада қазақ тілінде басылып шыққан кітапша.
Қолға алып қарағанымда, алғашқы кезде-ақ Нұсқаудың кейбір жерлері түсініксіз болып көрінген еді. Кейін осы Нұсқаудың ССРО кезіндегі Мәскеу қаласында 1971 жылы басылған орыс тіліндегі нұсқасын тауып алып, оқып шықтым. Ерінбей отырып екі Нұсқауды салыстырдым. Орысшасында түсінікті жазылған, бәрі де алақандағыдай анық көрсетіліп тұр. Менің аңғарғаным, нұсқаулықты аударғанда төрт жерде қате жіберілген екен. Кейбір сөйлемдер қалдырылып кеткен, осы себептен Нұсқауды тусіну қиын. Екі кітапты да қолыма алып, академик Асылбек Баймұқанов ағамызға бардым (Асекең қазақ тілінде шыққан Нұсқаудың авторларының бірі еді). Екеуінің айырмашылығын және қазақшасындағы жіберілген қателіктерді көрсеттім. Асекеңнің айтуынша бұл кітапшаға оның ешқандай қатысы болмаған, фамилиясын сыртынан қосқан. Сол себепті ешқандай пікір айта алмайтынын білдірді.
Бұдан кейін бөлім бастығы Бекболатқа кірдім. Оған да түсіндіріп айттым. Бекболаттың мамандығы мал дәрігері болатын, «селекция жөнінде пікір айта алмаймын» деді. Осыдан кейін институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрадинге кірдім. Ол менің жазғандарым мен нұсқаулықтарды қалдырып кетуімді сұрады. Жауабын екі-үш күннен кейін беретін болып, алып қалды.
Айтқан уақытында бардым. Нұрадин менің жазғандарым мен ескертулерімді қарап шығыпты және толық келісетінін айтты. Осыдан кейін ҒЗИ-ның Бас директоры Ә.Омбаевқа өз атымнан хат жаздым (1-қосымша).
Келесі күні осы хатпен Омбаевқа кірдім. Директор Нұрадинді шақырып алып, хаттағы мәселе жөніндегі пікірін сұрады. Орынбасар аударма кезінде жіберілген қателіктер барын растады. Осыдан кейін 2010 жылғы ақпан айының 10 күні менің көтерген мәселеме басқа бөлімдерден де бірнеше мәселелерді қосып, ҚР ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты «КазАгроИнновация» АҚ президенті С.Б.Кененбаевқа ҒЗИ-ның Бас директоры атынан хат дайындалды (2-қосымша).
Бұл хатқа министрліктен де, Акционерлік қоғамнан да жауап келмеді. 2012 жылы жасымның келуіне байланысты зейнетке шықтым. Нұскаудың бұдан кейінгі тарихынан хабарым жоқ.

Ахмет Ислам, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

4 ай артқа

Mynbirsoz.kz

Нағашыларым туралы «Өткен күннен белгі бар» атты кітабымда жазғанмын. Жас кезімде анамның Үржан және Айқын атты апаларының келіп кеткені есімде. Бұдан кейін нағашы жұртпен қатынасымыз үзілді. Содан бері арада алпыс жылдан астам уақыт өтіпті.
Өткен жылғы көктем айында «Матығұл мазарының» мәселесімен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болдым. Сол жолы бірнеше адамға нағашы жұртымның Қарабұтақта екендігін айтқанмын. Бірақ сұрастырған жоқ едім. Биыл Ырғыздағы Қасымханмен хабарласып, нағашыларымды іздегім келетін айттым. Аты-жөндерін беріп, көмектесуін сұрадым. Арада көп уықыт өткен жоқ, Қасымханнан хабар келді. Нағашыларымның ізі табылыпты, балалары мен немерелері бар екен.
Үзамай Ақтөбе қаласынан Медет атты анамның немере туысы (әкесінің інісінің баласы) хабарласты. Нағашыларымнан кімнің бар екенін және олардың қайда тұрып жатқандарын содан білдім. Сөзінің соңында Ақтөбеге қонаққа шақырды. Мен екі-үш айдан кейін баламыз екеуміздің баратынымызды айттым.
Осылай, жасым жетпіс беске келген кезімде, ойламаған жерден, нағашыларымды таптым. Анамның айтып кеткен аманаты орындалды.
... Толығырақ көруПост мәтінін қысқарту

тағы жүктеу